Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова World Tour сериясы аясында Чехия астанасында өтіп жатқан жағажай волейболынан Prague Open турнирінің  1/8 финалына шықты.

Топтық кезеңде қазақстандық дуэт польшалық Катаржина Кочолек пен Дорота Страгты 2:1 есебімен жеңіп, Швейцария өкілі Таня Горичанец пен Таня Хюберлиге, сонымен қатар, неміс Ктрин Хольтвик пен Илке Земмлерге үш партияда жол берді. Осылайша өз тобымен отандастарымыз үшінші орын алды. 

1/16 финалда Машкова мен Цимбалова германиялық тағы бір жұп Виктория Бинек пен Юлия Гросснерді 2:1 есебімен қапы қалдырды (16:21, 21:19, 15:13).