23 мамырда «Джиро д'Италияның» он үшінші кезеңі аяқталды. Бұл күн Фоссано – Ривароло Канавезе арасындағы 157 шақырымды құрады.

Кезең шабандоздар үшін аса қиынға соқпады. Қатысушыларды төртінші категориядағы бір биіктік күтіп тұрды. Күткеніміздей, шабандоздар бір топ боп мәреге келді. Алайда ауа-райы тосын сыйын жасады – жолдың кейбір жерлерінде, тіпті, қар жатты. Оқ бойы алға шыққан үш спортшы із кезушілерден алысқа ұзап, кезеңнің жүлделі орындарын өзара бөлісті. Нәтижесінде Bardiani-CSF сапындағы италиялық Марко Канола жеңімпаз атанды. Екінші боп Androni Giocattoli командасының венесуэлалық шабандозы Джексон Родригес келді. Ал үштікті Europcar-дың намысын қорғайтын француз Анжело Тулик түйіндеді.

«Астанадағы» ең жақсы нәтиже көрсетіп жүрген шабандоз жас италиялық Фабио Ару жетінші орында қалды. 

«Джиро д'Италия» велододасы. Жалпы есеп. 13-ші кезеңнен кейінгі жағдай

1. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – 49:37:35

2. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – + 0:37

3. Рафал Майка (Польша, Tinkoff-Saxo) – + 1:52

4. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 2:32

5. Вилко Келдерман (Бельгия, Belkin) – + 2:50

6. Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar) – + 3:29

7. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 3:37

43. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 37:26

44. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 37:45

56. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 52:15

63. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 59:48

120. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 1:34:07

129. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 1:36:21

132. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 1:39:56