23 мамыр күні елода Астана қаласында бокстан Қазақстан қауымдастығының Кубогы-2014 додасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды БҚҚ ресми сайты.

Жеребені тарту рәсімін ҚР мемлекеттік бапкері Болат Абдрахманов, БҚҚ-ның спорттық іс-шаралар өткізу жөніндегі маман Берік Маржықпаев, Лондон Олимпиадасының жүлдегері Марина Вольнова және «Астана» телеарнасының спорттық шолушысы Самат Қанағатов жүргізді.

Осы жылғы доданың ерекшелігі командаларды географиялық орнына байланысту бөлмеу және басты жеңіс сыйақысы 25 миллион теңге деп білгіленді.

Командалар өткен жылғы нәтижелеріне байланысты жеребе алдында бірнеше себетке бөлінді. Төрт топқа бөлініп, жарысты өткізетін қалалар анықталды, тағы да командалар тең түскен жағдайда қосымша салмақ өлшемі белгіленді 

А тобы (Алматы қ., 1-3 тамыз): Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы. ( 91 келіден жоғары).

B тобы (Ақтөбе қ., 8-10 тамыз):  Жамбыл, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстары мен Астана қаласы. (91 келі).

С тобы (Көкшетау қ., 1-3 тамыз): Южно-Казахстанская, Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстары (69 келі).

D тобы (Қарағанды қ., 8-10 тамыз): Қарағанды, Алматы, Атырау және Солтүстік-Қазақстан облыстары. (52 келі).  

Жартылай финалды «А» мен «С» және «B» мен «D» тобындағы жеңімпаздар өзара кездеседі. Ақтық кездесу 14-15 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.