Лондондық «Челсидің» ойыншысы Давид Луис «ПСЖ-ға» ауысса, футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы атанады.

Футболшының команда қатарына қосылғаны туралы ақпарат 48 сағаттың ішінде шығуы тиіс, деп хабарлайды Daily Mail. Басылымның жазуынша, париждіктер Луистің трансфері үшін 50 миллион фунт (шамамен 62 миллион еуро) жұмсайды. Осындай соманың арқасында Франция чемпиондары Луиске қызығып жатқан «Барселона» мен «Баварияның» алдын орамақ.

Әзірше, ең қымбат қорғаушының құны 30 млн фунтты құрайды – «Манчестер Юнайтед» 2002 жылы Рио Фердинандты сатып алу үшін «Лидске» осынша ақша берген.