Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Кроснажан нөмірі бірінші спорт еліміздің барлық аймағында дамауы керек деп есептейді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы 7 маусымда Венгрияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Жақында ғана біздің команданың кеңейтілген тізімі жарияланған болатын.

«Құрамаға лайықты ойыншылардың көп екені белгілі. Әрине, олардың барлығы екінші маусымда өтетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылмайды. Бірақ бұл олар ұлттық құрамаға кандидат болмай қалады деген сөз емес.

Қазақстан құрамасы кейбір ойындарын Ақтөбеде өткізсе ме? Бұл қаланың атмосферасы, ойыншыларды қолдауы керемет. Бұл жерде құрамалардың халықаралық матчтарын өткізу үшін жасалған ФИФА талаптарына сай болу керек. Бүгінде бұл мәселе қарастырылып жатыр, футбол елімізде кеңінен насихатталуы керек. Ұлттық құрама кездесулерін әр аймақта өткізу қажет. Бірінші команданың ғана емес, әйелдер немесе жастар, жасөспірімдер матчы да ойналуы керек», - деді Красножан.