22 мамыр күні «Джиро д'Италия» көпкүндігінің бөлек сөреде алғашқы жарыс өтті. Кезең  барысында велошабандоздар 41,9 шақырым жолды басып өтті.

Мәре сызығын бірінші болып Omega Pharma – Quickstep командасының шабандозы колумбиялық Ригоберто Уран кесті. Оның ізімен 1 минут 34 секундқа қалып Lampre-Merida -ның мүшесі Диего Улисси келді. Үздік үштікті BMC Racing командасының велошабандозы аустралиялық Кэдел Эванс түйіндеді.

«Астана» сапынан үздік нәтижені Фабио Ару көрсетті. Мәреге көшбасшыдан 2 минут 55 секундқа қалып 16-шы болып келді.

 

«Джиро д'Италия» велододасы. 12-ші кезең қорытындысы

1. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – 49:37:35

2. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – + 0:37

3. Рафал Майка (Польша, Tinkoff-Saxo) – + 1:52

4. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 2:32

5. Вилко Келдерман (Бельгия, Belkin) – + 2:50

6. Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar) – + 3:29

7. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 3:37

36. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 31:25

45. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 37:26

53. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 45:49

63. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 58:30

123. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 1:34:07

131. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 1:36:21

132. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 1:39:56