Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс Қазақстан Кубогының ширекфиналдық жеребесі туралы өз пікірін айтты. Бұл кезеңде оңтүстік астанылықтар «Атырауға» қонаққа барады.

«Иә, жеребенің аты - жеребе. Бізді алыс жолдық сапар күтіп тұр, бірақ Кубокты ұту үшін ойнайды, сондықтан алдағы матчта жеңіске жетуге тырысамыз», – деді Вайсс.

Естеріңізге сала кетсек, Кубоктың 1/4 финалы 18 маусымда болады.