Зарина Диас WTA аясында өтіп жатқан Internationaux de Strasbourg турнирінің ширекфиналдық матчын денсаулығына байланысты аяқтай алмады.

Америкалық Кристина Макхейлге қарсы ойнаған қазақстандық теннисші бірінші сетте 2:6 есебімен қарсыласына жол берді, екінші партияда 1:3 есебімен жеңіліп жатқан кезде Диас кездесуді жалғастырудан бас тартты.