«Қайрат» футбол клубының гамбиялық шабуылшысы Момоду Сисей жақында берген сұхбатында не себепті ұзақ уақыт бойы гол соға алмай келгенін және еурокубоктық ойындардан не күтетінін айтып берді. Ел біріншілігінің 12 турынан кейін Сисей сұрмегендер қатарында топ бастады. Маусымды сәтсіз бастап қатарынан бірнеше рет жеңіліс тапқан алматылық клубтың да жағадайы біршама түзеліп қалды. - Маусымды нашар бастадық, келісемін. Ал бүгінде олқылықтың орнын толтырумен келеміз, - деп бастады Сисей, - Гол соға алмай жүргеніме психологиялық қысым әсер етті. Арасында сәтсіздіктер де болды.   

- Маусымның басындағы жеңілістерден кейін болған қоғамдық қысымды команда қалай жеңді?

- Әр нәрсенің жақсы және жаман жақтары болады. Қуанышты жайттан кейін көтеріңкі көңіл-күйді жоғалтпау керек. Футболшы болған соң: міндетіміз - жаттығу жасап ойынға шығу. Уақытты бос өткізбей қателерді түзеп ойынды жөнге келтірдік. Бүгінгі таңда ойынның сапасы жақсарғаны анық.

- Қазақстан чемпионатын қай команда ұтып алуы мүмкін?  

- Қазақстандағы барлық клубтар мықты. Бірақ маған бәрінен де «Кайрат» ыстық. Бағытымыз дұрыс, командамыз күн сайын өркендеп келеді. Әріптестерім де жарқын жүзді тамаша жандар. Меніңше, «Қайрат» биыл чемпион атанады. - Алда Еуропа лигасының іріктеу матчтары бар. Еурокубоктық ойындардан не күтесіз?

- Сол сәтті тағатсыздана күтіп жүрмін. «Қайратқа» жеребе дұрыс түссе екен деймін. Еуропада көбірек ойнау үшін тең дәрежедегі қарсыластар түсу керек. - Биылғы маусымда қанша гол соғуды көздеп отырсыз? 

- Үздік бомбардир атанғым келеді, бірақ футболдың аты футбол. Мен әр ойында оңтайлы мүмкіндіктерді жібермеуге тырысамын. Бірақ кездесу алдында не боларын білмейсің.

- Қазақстанда екі жыл жүрсіз, алыстағы мекеніңізді сағынасы ба?

- Бой үйреніп кетті. Әйел, бала-шағам бар. Ұл-қызым өсіп келеді. Олар Гамбияда, қол тигенде барып тұрамын. Алматыда менің достарым көп, командаластарым мен бірнеше жақын жолдастарым мені жалғыз қадырмайды.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы мауысмда 12 гол соққан Сисей «Кайраттың» бомбардирі атанып ҚПЛ-да үшінші нәтижені көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орын алған алматылық клуб Еуропа лигасында өнер көрсету құқығына ие болды.