Астанадағы ҚФФ бас кеңсесінде футболдан Қазақстан кубогы аясындағы 1/4 финалдың жеребе тарту рәсімі өтті.  

1/4 финалдық кездесулер маусымның 18-і күні өтеді. Естеріңізге сала кетсек, мұнда қарымта ойындар өтпейді. Матчтар жұптарда бірнші аталған командалардың алаңында ұйымдастырылады. 

1/4 финалдың жеребе қорытындысы бойынша мына командалар өзара мықтыны анытайды:

18 маусым, сәрсенбі.

«Шахтер» - «Ертіс»

«Астана» - «Тобыл»

«Ақтөбе» - «Тараз»

«Атырау» - «Қайрат»