Соңғы турда елордада өткен «Астана» мен «Ордабасы» арасындағы матч жасыл алаңдағы ойынымен ғана емес, шымкенттік жанкүйердің өз командасына қалай қолдау көрсеткенімен де қызық болып отыр.

Бұл туралы қазақстандық басылымдар жарыса жазған болатын. Ал бүгін осы оқиға ресейлік атақты портал Eurosport.ru сайтында жарияланды. Иә, бұл соңғы кезде ТМД көлемінде мән берілмей жүрген қазақстандық футболды олардың есіне салып қояр бір жағдай.