Футболдан Франция құрамасының 31-жастағы ойыншысы Франк Рибери Бразилиядағы әлем чемпионаты карьерасындағы соңғы әлем мундиалы екенін айтты.  

 «Бұл менің соңғы әлем чемпионатым», — деді «Баварияның» ойыншысы Фифаның ресми сайтына. 

«Бразилияға тек жеңіс үшін ғана аттанамыз. Басты мақсат – әлем чемпионатын ұту».

Айта кетер жайт, Рибери Франция сапында соңғы екі әлем чемпионатында өнер көрсеткен болатын.