20-шы мамырда «Джиро д'Италия» көпкүндігінің Модена – Сальсомаджоре Терме бағыты бойынша 173 шақырымды құрайтын оныншы кезеңі аяқталды. 

Спринтірлік кезеңді  FDJ.fr  командасының франциялық шабандозы Насер Буанни жеңп алды. Буанни бұған дейін «Джиро д'Италия» додасында екі рет топ жарған болатын. Trek Factory-дың шабандозы итальялық Джакомо Ниццоло екінші, ал Orica GreedEDGE командасының мүшесі аустралиялық Майкл Мэттьюз үшінші.

Жалпы есепте BMC Racing велошабандозы Кэдел Эванс үздік болып тұр. Оның ізімен колумбиялық Ригоберто Уран келеді. Үштікті польшалық велошабандоз Рафал Майка түйіндеп тұр. «Астананың» құрамынан үздік нәтижені Фабио Ару көрсетті. Әзірше, көшбасшыдан 1 минут 39 секунд қалыр тұрған Ару алтыншы сатыға жайғасты..

 

«Джиро д'Италия» велододасы. 10-шы кезеңнің қорытындысы

1. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – 42:50:47

2. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – + 0:57

3. Рафал Майка (Польша, Tikkoff Saxo) – + 1:10

4. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 1:20

5. Стив Морабито (Швейцария, BMC Racing) – + 1:31

6. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 1:39

43. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 23:15

48. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 25:42

52. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 31:23

66. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 39:13

118. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 1:08:39

131. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 1:14:34

137. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 1:18:22