«Монако» футбол клубының бас бапкері Клаудио Раньери қызметінен кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Клаудио Раньери өз орнын босатты. Онымен келісімшартты бұзуды жөн көрдік. Жаңа бас бапкермен келісімдер жүруде», — деп жазды «Монаконың» директоры Васильев «твиттердегі» ресми парақшасында.

Раньеридің орнына «Спортингтің» бұрынғы бас бапкері Леонардо Жардим келуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Раньери командасымен бірге биыл Франция чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, ол «Монаконы» Чемпиондар Лигасына шығарды.