«Челси» ФК бас бапкері Жозе Моуринью Біріккен Ұлттар Ұйымының аштыққа қарсы бағдарламасы (WFP) бойынша өз үлесін қоспақшы, деп хабарлайды лондондық клубтың ресми сайты.

«Көктердің» жаттықтырушысы биыл жазда Африкаға барып, «Аштыққа қарсымыз» (Zero Hunger Challenge) атты науқанға қатысады.

Португалдық бапкер Дрю Бэрримор, Кристина Агилера және атақты футболшы Какамен бірге шараға қатысады.