Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Алматыда өтетін Әлем чемпионатының логотипін белгіледі. 

Логотипте халықаралық ауыр атлетика федерациясын танытатын және ұлттың ерекшелігін көрсететін белгілер айшықталған. Ауыр атлетшінің жұлқа көтеру сәті мен "IWF" – халықаралық ауыр атлетика федерациясы, "World Championships" – әлем чемпионаты және "Almaty 2014" деген жазулар бар. Ал логотиптің түсі еліміздің Туымен сәйкестендіріліп жасалған.

Алматыдағы Әлем чемпионаты 8-16 қараша аралығында өтеді.2016 жылғы Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын дода басындаАстана қаласында өтеді деп белгіленген-ді. Кейіннен ауа-райына байланысты Алматы қаласына ауыстырылды. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын Лондон Олимпиадасы чемпиондары Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедовақорғайтын болады. Қазіргі таңда спортшыларымыз жаттығу жұмыстарын бастап кетті.