Павлодар қаласында КСРО құрметті спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогының екі дүркін жеңімпазы, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың құрметіне ХХ халықаралық жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды kfb.kz.

Мерейтойыл жарыста 13 елден 130 былғары қолғап шеберлері қатысты. Бас төреші қызметін әлем чемпионы, AIBA тұжырымындағы хлықаралық төреші ресейлік Валерий Рачков атқарды. Жарыс қонақтары ретінде әлем Кубогының иегері, Еуропа чемпионы Исраэль Акопкохян; Еуропа чемпионы Петр Галкин; 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы Виктор Демьяненко; Санкт-Петербург бокс қауымдастығының президенті Максим Жуков; олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Александр Лебзяк; Еуропа чемпионы Игорь Ружников шақыртылды.

 

Жүлдегерлер қатарында жеті елдің спортшылары көрінді, ал төрт елдің үкілеп қосқан боксшылары жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер төмендегідей: 

49 келі: 1. Хасан Насер (Ирак), 2. Ақниет Балтабаев (Қарағанды), 3. Сантьяго Амадор (Куба) және Рашид Салауатов (Атырау).52 келі: 1. Азат Махметов (Астана), 2. Аброржон Кодиров (Өзбекстан), 3. Қуаныш Сабыр (Павлодар) және Нұргазы Жүсіпов (Қазақстан құрамасы).60 келі: 1. Абдулла Нургалиев (Караганда), 2. Шохрух Хожабеков (Узбекистан), 3. Жаксылык Ильясов (ВКО) және Ради Армандо (Куба).64 келі: 1. Руслан Мәдиев (Қарағанды), 2. Асет Қасым (Моңғолия), 3. Мәулен Өскенбек (Маңғыстау облысы) және Кэвин Браун (Куба).69 келі: 1. Мадияр Ашкеев (Астана), 2. Канағат Маралов (ШҚО), 3. Олжас Тортогулов (Моңғолия) және Айдар Ташев (Павлодар).75 келі: 1. Мейірім Нұрсұлтанов (Астана), 2. Абдулхидра Вахид (Ирак), 3. Нурзат Собиров (ОҚО) және Рустам Жұмағұлов (Қостанай).81 келі: 1. Шаймурат Құсайынов (Павлодар), 2. Илья Сомов (Ресей), 3. Нұрбол Алтаев (ОҚО) және Эрик Хенрикссон (Швеция).91 келі: 1. Юнис Джастиз (Куба), 2. Ричардз Гобриэль (Швеция), 3. Алмат Серімов (Қазақстан құрамасы) және Серік Мұсәділов (Павлодар).91 келіден жоғары: 1. Комран Мехтиев (Әзірбайжан), 2. Олжас Букаев (Павлодар), 3. Сайран Смайлов (Ресей) және Сергей Гончаров (Павлодар).

Жарыстың ең епті боксшысы Шаймұрат Құсайынов.