Зарина Дияс сыйлық қоры 250000 АҚШ долларын құрайтын WTA Internationaux de Strasbourg додасының екінші айналымына өтті.

Алғашқы кезеңде қазақстандық теннисші үш сетте бельгиялық Кирстен Флипкенстен басым түсті – 6:2, 6:7 (3:7), 6:3.

Келесі қарсыласы хорватиялық Айла Томлянович болмақ.