«Барселона» футбол клубы ресми сайтында команданың тізгінін Луис Энрике ұстағанын хабарлады.

«Барселонаның» директорлер кеңесі клубтың спорт директоры Андони Субисареттаның бас бапкер міндетіне Луис Энрикені бекіту керек деген ұсынысын қабылдады», – деп хабарлайды каталондық клубтың ресми сайты. Аталмыш маманмен жақын арада екі жылдық келісім-шарт жасалады. 

Бұл Луис Энрикенің «блаугранасқа» үшінші рет келуі: бірінші мәрте 1996 жылы ойыншы ретінде, екінші рет 2008 жылы «Барселоны B» командасының бапкері ретінде. Міне, енді оған негізгі команда сеніп тапсырылды.