Ярослава Шведова WTA аясында өтіп жатқан  Nurnberger Versicherungscup турнирінің екінші айналымына шықты. Аталмыш доданың жүлде қоры 250000 АҚШ долларын құрайды.

Бірінші айналымда Шведова Австрияның өкілі Патриция Майрды екі сетте жеңді – 7:5, 6:3. Отандасымыз кездесуде 8 эйс және 6 брейк жасады.