Албания қаласы Шкодерде «Влажнияны еске алу»  XI халықаралық жарысында қазақстандық былғары қолғап шеберлері үш алтын мен бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды confederation.kz.

 

49 келіде Біржан Жақыпов тағы бір қазақстандық боксшы Ерлан Тамемовты жеңсе, 56 келіде Жанболат Тілегенұлы албаниялық  Мауро Каниды тізе бүктірді. Алексей Севостьянов (91 келі) Черногория боксшысы Марио Радоничтен айласын асырды.

64 келіде бақ сынаған Алмасбек Шымбергенов жүлдесіз қалды. Ұлттық құраманы аға бапкер Александр Стрельнико жаттықтырды.