19 мамырда Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілердің жаңа рейтингін жариялады.

Қазақстандық теннисшілерде үлкен өзгерістер болған жоқ. Көбісі екі-үш позициядан ғана жоғалтты немесе жоғарылады. Тек Зарина Диас жеті орынға төмендесе, Александра Гринчишина бірден он алты сатыға көтерілді.

Жұптар арасында Ярослава Шведова испан Анабель Медина Гарригеспен бірге бір орынға көтеріліп, енді жетінші сатыға жайғасты. Ал Шведованың өзі жұптық сайыста бақ сынайтын ойыншылар арасында 31-ден 27-орынға жоғарылады.

Алғашқы ондықта румын Симон Халеп пен Белорусь спортшысы Виктория Азаренко, сонымен қатар, серб Елена Янкович пен ресейлік Мария Шарапова орындарын ауыстырды. Ал әлемдік рейтингтің көшін америкалық Серена Уильямс бастап тұр.

WTA рейтингі

1. Серена Уильямс (АҚШ) (0)

2. Ли На (Қытай) (0)

3. Агнешка Радваньска (Польша) (0)

4. Симона Халеп (Румыния) (+1)

5. Виктория Азаренко (Беларусь) (-1)

6. Петра Квитова (Чехия) (0)

7. Елена Янкович (Сербия) (+1)

8. Мария Шарапова (Ресей) (-1)

9. Анжелика Кербер (Германия) (-1)

10. Доминика Цибулкова (Словакия) (0)

69. Галина Воскобоева (Қазақстан) (-1)

72. Ярослава Шведова (Қазақстан) (+3)

96. Зарина Диас (Қазақстан) (-7)

155. Юлия Путинцева (Қазақстан) (-3)

178. Сесиль Каратанчева (Қазақстан) (-3)

294. Кәмила Керімбаева (Қазақстан) (-3)

497. Анна Данилина (Қазақстан) (-2)

672. Александра Гринчишина (Қазақстан) (+16)

692. Әсия Даир (Қазақстан) (+1)

747. Екатерина Клюева (Қазақстан) (0)