Қостанайда өткен «Тобыл» мен «Атырау» арасындағы матчта тең есеп тіркелді.

Ойында қостанайлықтар басым болды, алайда алаң иелері бұдан ештеңе шығара алған жоқ. Атыраулықтар да «Тобыл» қақпасынан саңлау таба алмады.

Осы есептен кейін «Атырау» алғашқы алтылықтағы орнын сақтап қалды.

 

«Тобыл» – «Атырау» 0:0 (0:0)