Хабаровск қаласында қаласында Кеңес Одағының батыры Константин Коротковты еске алуға орай ұйымдастырылған халықаралық жарыс өз мәресіне жетті.

75 келі салмақта Жәнібек Әлімханұлы мен 91 келіден жоғары салмақта Нұржан Бекзатов қарсылас шақ келтірмеді. Әлімханұлы финалдық кездесуде ирандық Арагидалга Яхангирды 3:0 есебімен тіз бүктірсе, Бекзатов венгриялық Иштван Бернаттан айласын асырды.

 

Ал төрт былғары қолғап шеберлеріміз күміс медаль еншіледі. Жомарт Ержан (49 келі) Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Василий Егоровқа жол берсе, Әділет Құрметов (52 келі) КХДР елінің боксшысы Ли Чунг Лиден жеңілді. Айдар Әмірзақов (64 келі)  1:2 есебімен ресейлік Виктор Миргородтан ұтылды. Дәурен Елеусінов (81 келі) пен Еуропа чемпионы Никита Иванов кездесуінде төрешілер шешімімен ресейлік былғары қолғап шебері жеңімпаз атанды.

 

Ержан Ордабаев (56 келі), Сағадат Рахманкұлов (69 келі) пен Антон Пинчук (91 келі) қоланы місе тұтты.