Астаналық «Барыс» шабуылшы Дастин Бойд арасындағы келісім-шартты жаңартты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Жаңа келісім-шарт бойынша канадалық шабуылшы Астанада тағы үш жылға қалады. Елордалық клубтың сапында өткізген үш маусымда Бойд біріншіліктерде айдынға 153 ойында шығып, 102 (51+51) ұпай жинады. Плей-офф сериясында форвардтың қанжығасында 23 ойын және 16 (6+10) ұпай бар.