«Сельтаның» бас бапкері  Луис Энрике маусым аяқталған соң командадан кететінін айтты. Бұл туралы ол Вигода өткен арнайы баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Дәл қазір келесі маусымда қай клубты жаттықтыратынымды білмеймін. Бұған сену қиын шығар, бірақ менде ешқандай келісім жоқ. Вигода қойылған мақсатты орындадым. Бүгінгі күнде команда біріншіліктің деңгейіне сай өнер көрсетеді. Шамасы, «Сельтада» қалмайтынымды айтатын уақыт жеткен секілді» , — деді Луис Энрике баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын Луис Энрикеге «Барселонаның» тізгінін ұстауға ұсыныс түскен болатын.