22 мамыр күні Қазақстан Кубогының 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды pfl.kz.

Жеребе рәсімі Астана уақытымен 11:00-де басталады. Ширек финалдық кездесулер 18-шу маусым күні өтеді деп жоспарлануда.

1/4 финалға «Атырау», «Астана», «Акқтөбе», «Тобыл» (Қостанай), «Қайрат» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды) командалары өтті.