Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының жетінші күніндегі қорытынды матчтар нәтижелілігімен көзге түспеді. Финляндия мен Швеция құрамаларына қарсыласынан айласын асыру үшін екі ғана шайба жеткілік болды.

Финляндия құрамасы әлемдік доданың қожайындары Белорусьті Петри Контиола дубльінің арқасында бағындырды.

Финляндия – Белорусь 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)

1:0 – Контиола (Мянтюля, Ринне) – 16:302:0 – Контиола (Лехтеря, Йокинен) – 59:44,

Қақпашылар: Ринне – Лаланд

Швед хоккейшілері 36-минутқа дейін шайбаны Франция қақпасына екі мәрте дәл лақтырды. Үшінші кезеңде Стефан де Коста есеп айырмасын қысқартты, бірақ ойынды құтқарып қалуға мүмкіндігі болмады. 

Швеция – Франция 2:1 (0:0, 2:0, 0:1)

1:0 – Лундквист (Расмуссен, Класен) – 35:322:0 – Меллер (Андерсен, Линдстрем) – 35:492:1 – Да Коста – 44:52

Қақпашылар: Нильссон – Арди