15 мамырда  «Джиро д'Италия» көпкүндігінің алтыншы кезеңі аяқталды. Бұл күнде шабандоздар Сассано-Монтекассино арасындағы 247 шақырымды басып өтті.

Аталмыш кезеңде ауа-райы жайсыз болды. Дымқыл жол үстінде жарысып келе жатқан бірнеше велошабандоз мәреге он шақырым қалғанда құлап қалды. Бұлардың ішінде үш астаналық спортшылар болатын. Солардың бірі, Янец Брайкович басымен қатты құлап, жарысты сол жерден аяқтады.

Осындай жағдайлардан кейін жалпы есепте көш бастаған Orica GreenEDGE командасынынң өкірі австралиялық Майкл Мэтьюз бастаған алты шабандоз бөлініп шығып, алға ұмтылды.  «Астана» сапында үздік нәтиже көрсеткен италиялық Фабио Ару Мэтьюздан 49 секунд қалып қойды.

«Джиро д'Италия» велододасы. Жалпы есеп. 6-кезеңнен кейінгі жағдай

1. Майкл Мэтьюз (Австралия, Orica GreenEDGE) – 24:18:14

2. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – + 0:21

3. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – + 1:18

4. Рафал Майка (Польша, Tikkoff Saxo) – + 1:25

5. Стив Морабито (Швейцария, BMC Racing) – + 1:25

6. Маттео Работтини (Италия, Neri Sottoli) – + 1:25

8. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 1:51

17. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 2:28

92. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 17:36

119. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 22:21

120. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 22:21

125. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 23:11

171. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 33:59