Мюнхендік клуб «Челси» ойыншысы Давид Луизді сапына қосу үшін «Барселонамен» жарысуда, деп хабарлайды британиялық БАҚ өкілдері.

Пеп Гвордиола баптайтын клуб футболшы үшін 25 млн фунт беруге әзір.

ӘЧ-2014 аяқталғанша келіссөз жүргізілмейді. Өйткені Бразилия Ұлттық құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари ойыншылардың назары тек қана Әлем біріншілігінде болуын қадап айтқан болатын.