Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Ержан Ордабаев пен Антон Пинчук Константин Коротковті еске лауға арналған Хабаровск қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды confederation.kz.

56 кг салмақта бокстасатын Ержан Ордабаев қытайлық Чонг Юді 2:1 есебімен тізе бүктірді. Антон Пинчук 91 келі салмақта ирандық Морадкани Резаны алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңді.