Елордалық «Астананың» жас жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Демек Георгий енді вице-чемпиондар сапында ресми ойындарға қатысады.

Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, Жуков «Астанаға» осы қыста бельгиялық «Стандарттан» келген болатын. Бельгияның жоғары дивизионында алғаш ол «Беерхот» командасының жейдесімен алаңға шықты.