14 мамыр күні «Джиро д'Италия» көпкүндігінің бесінші кезеңі өтті. Велошабандоздар Таранто – Виджиано бағыты бойынша 203 шақырым жолды басып өтті.

Таулы кезең жеңімпазы Lampre-Merida командасының итальяндық шабандозы Диего Улисси. Ізімен мәре сызығын аустралиялық Кэдел Эванс кесті. Үшінші – колумбиялық Хулиан Давид Морено -Trek Factory командасы.

«Астана» велошабандоздары жалпы тізімде Скарпони 8-ші, Ару 10-шы, Янец Брайкович 25-ші орында тұрақтады.

Командалық сайыста «Астана» командасы топ басында келеді.

 

«Джиро д'Италия» велододасы. 5-ші кезең қорытындысы

1. Майкл Мэтьюз (Австралия, Orica GreenEDGE) – 17:41:23

2. Питер Веенинг (Нидерланды, Orica GreenEDGE) – + 0:14

3. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – + 0:15

8. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 0:41

10. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 0:52

25. Янец Брайкович (Словения, Astana Pro Team) – + 1:25

50. Паоло Триалонго (Италия, Astana Pro Team) – + 2:18

74. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 4:19

87. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 7:03

88. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 7:03

153. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 15:28

190. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 26:16