Бразилия құрамасының атақты футболшысы Зико жас футболшы Неймарды «Барселонада» дұрыс қолданбай жүргені жайлы айтты.

«Меніңше, Неймар үшін алғашқы жыл сәтті өтті. Көп адамдар Неймардың ойынына оның трансферлік құны әсер етті дейді. Алайда, бұл Неймардың Еуропада өткізген бірінші жылы. Сондай-ақ, Неймар каталондық клубтың сапында өз орынын таба алмай жүр», деді Зико Sport.es. сайтына.