Кеше түнде Еуропа Лигасы жолындағы дәстүрлі жарыстың ақтық кезеңі аяқталды. Финалға шыққан испандық «Севилья» мен португалиялық "Бенфика" ойынның негізгі бөлігінде мықтыны анықтай алған жоқ.

90 минут бойы қауіпті шабуылдармен алмасқан қос команда да шешуші сәтке келгенде гол соға алған жоқ. Ойынның негізгі кезеңі 0:0 есебімен аяқталып, қарсыластар овертаймда да қақпаның кілтін таба алмады. 

Финалдық кездесудің жеңімпазы пенальти сериясынан анықталды. Португалдықтардың екі соққысын қайтарған «Севилья» қақпашысы Бету ойын қаһарманы атанып, өз командасына осымен Еуропа Лигасының үшінші кубогін сыйлап отыр.

2006 және 2007 жылдары дәл осы кубокті жеңіп алған испандықтар енді Еуропаның суперкубогі үшін тағы бір кездесу өткізеді. Оның қарсыласы «Реал» мен "Атлетико" арасындағы ойыннан кейін белгілі болмақ.

Ал, «Бенфика» болса осымен Еуропа Лигасында үшінші рет финалға шығып, оның үшеуінде де жеңіліс тауып отыр.