Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында шымкенттік «Қыранды» қабылдап, ширек финалға жолдаманы соңғы минуттарда ғана жеңіп алды.

Соңғы ысқырық естілгенше қонақтар қостанайлықтардың бар шабуылына төтеп берді, алайда соңғы минуттарда гол соққан Анатолий Богдановтың арқасында алаң иелері келесі кезеңге шықты.

 

«Тобыл» (Қостанай) – «Қыран» (Шымкент) 1:0 (0:0)

Гол: Богданов (90)