Павлодарлық «Ертіс» Қазақстан Кубогының  1/8 финалында петропавлдық «Кызылжарды» тізе бүктірді. Деңгейлері әр түрлі ұжымның теке-тіресінде тартыс соңғы минутқа дейін жалғасты.

Бірінші таймда павлодарлықтар Игор Бурзановичтің дубльі арқасында басымдыққа ие болды. Алайда қонақтар ойынның тағдыры әлі шешілмегенін 60-минутта дәлелдеді. Руслан Кенетаев алаң иелерінің қақпасынан саңлау таба алды. Десек те, соңғы сөз «Ертіс» ойыншыларында қалды. Миллер қақпасына Виталий Головешкин үшінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.

«Ертіс» (Павлодар) – «Қызылжар» (Петропавл) 3:1 (2:0)

Голдар: 1:0 – Бурзанович (27), 2:0 – Бурзанович (32), 2:1 – Кенетаев (60), 3:1 – Головешкин (90).