«Тараз» соңғы бес күнде екінші рет «Ордабасыдан» айласын асырды. Бұл жолы тараздықтар Қазақстан Кубогы аясында жеңіске жетті.

Есепті 15-минутта алаң иелерінің жас шабуылшысы Жақып Қожамберді ашты. Екінші таймда тараздықтар екі рет Александр Григоренко қақпасынан саңлау таба алды. Алдымен жас голландиялық легионер Корнелиус Уббинк көзге түссе, кейін қонақтар қақпасына белгіленген пенальтиден Мұрат Тілешев қанжығасын майлады.

«Тараз» (Тараз) – «Ордабасы» (Шымкент) 3:0 (1:0)

Голдар: 1:0 – Қожамберді (15), 2:0 – Уббинк (55), 3:0 – Тілешев (63, пенальтиден)