Қазақстан Кубогының 1/8 финалдық матчында өскемендік «Восток» Атыраудан келген командаға лайықты қарсылас бола білді. Ойын барысында тең есепті ұстап тұрған шығысқазақстандықтар қосымша уақыттың екінші таймында гол жіберіп қойды.

Есепті ойынның басында қонақтардың форварды Милош Трифунович есеп ашты. Кездесудің бітуіне бес минут қалғанда Аслан Жанұзақов таразы басын теңестіріп,  «Востокке» үміт сыйлады. Алайда Дмитрий Пархачев «мұнайшыларға» жеңіс алып келді.

«Восток» (Өскемен) – «Атырау» (Атырау) 1:2, қ. уақыт (0:1, 1:1)

Голдар: 0:1 – Трифунович (5), 1:1 – Жанұзақов (85), 1:2 – Пархачев (117)