24-ші мамыр күні АҚШ-та жоспарланған 33-жастағы австралиялық Дэниэл Гил мен 31-жастағы ирландиялық Мэттью Маклин арасындағы жекпе-жек өткізілмейтін болды. Бұған себеп бокс кешенің басты кездесуі Перес-Дженнингс жекпе-жек алдындағы кубалық боксшының алған жарақаты. Осылайша, енді Гилдің менеджері Билл Триси қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырмақ. Головкиннің командасы ұзақ уақыт бойы Хулио Сезар Чавестің шешімін күткен болатын, алайда мексикалық боксшы кездесуден бас тартты. Дегенмен, Том Леффлер шілде айына жоспарланған кездесуге басқа қарсыласты іздейтінін айтқан.«Гил-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру үшін Головкин және HBO-мен келісімдер жүргізудеміз, — деді Билла Триси BoxingScene. сайтына — Бізбен Штурм хабарласқан болатын, алайда олар Гилмен жекпе-жекті жылдың соңында өткізгісі келеді, біз оған дейін күте алмаймыз. Оданша Головкинмен жекпе-жекті ұйымдастыруға тырысамыз».