Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясындағы «Лашын» – «Шахтер» матчы Қаратауда емес, Қарағандыда өтеді, деп хабарлайды КФЛ-дың ресми сайты.

Қаратау қаласындағы «Орталық» стадионда жөндеу болып жатқанына байланысты ойынның өтетін жері ауысты. Матч 15 мамырда Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өтеді, кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.