Римдік «Рома» мен Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич клубпен келісім-шартын 2018 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты. Айта кетерлік жайт, бұл ойыншыға еуропалық мықты клубтар қызыққан еді.

«Келісім-шартты ұзартқаныма қуаныштымын. Келіссөз ұзаққа созылды, себебі бар ойым маусымға жұмылдырылған еді. Ал «Ромадан» кетем деген ой болмады. Мен болашағымды тек осы клупбен ғана байланыстырғым келеді», - деді Пьянич.