Қазақстандық Екатерина Клюева ресейлік Софья Смагинамен жұп құрап, ITF аясында Шарм-эль-Шейхте өтіп жатқан турнирдің финалында жеңілді.

Ақтық сында Клюева мен Смагина британ Кейти Баултер және серб Нине Стоянович дуэтіне екі партияда жол берді – 2:6, 3:6.