Хоккейден әлем біріншілігіндегі екінші матчында Қазақстан құрамасы турнир қожайыны Белорусьтан жеңілді.

Бірінші кезеңде қазақстандықтар Андрей Гаврилиннің соққан голымен алға шықты. Алайда үзілістен кейін айдын иелері басымдыққа ие болды. Алдымен Андрей Степанов, кейін оның пасынан кейін Николай Стасенко жанкүйерлерінің көзайымына айналды.

Үшінші жиырмаминуттықта белорусьтар хоккейшілер ғана ойнады. Алексей Ефименко мен Сергей Костицын жасаған қарымта шабуыл соңғысының қақпаны дәл көздеуімен аяқталды. Бұдан кейін бапкер Виталий Еремеевтің орнына алтыншы ойыншысын шығарды. Алайда бұл қадам алаң иелерінің төртінші гол салуына алып келді.

Белорусь – Қазақстан 4:1 (0:1, 2:0, 2:0)

0:1 – Гаврилин (Васильченко) – 04:121:1 – Степанов (Грабовский) – 22:46, 2:1 – Стасенко (Степанов, Граборенко) – 30:083:1 – Костицын (Ефименко, Евенко) – 41:25, 4:1 – Калюжный (Денисов, Костицын) – 59:56, 

Қақпашылар: Коваль – Еремеев