Михаил Кукушкин ATP аясында Римде өтіп жатқан Internazionali BNL d'Italia турнирінің екінші айналымына шықты.

Негізгі кезеңнің бірінші айналымында қазақстандық теннисші португалиялық Жоао Соузаны үш сетте жеңді – 6:3, 6:7 (1:7), 6:3.

Екінші айналымда Кукушкин испан Давид Феррермен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін қазақстандық тағы бір теннисші Андрей Голубев аталмыш доданың іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған болатын.