Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер 35-жастағы даниялық боксшы Миккель Кесслермен жекпе-жек өткізу үшін Sauerland Event промоутерлік компаниясымен хабарласты. 
 
Осы аптада Кесслер үлкен спортқа қайта оралғанын мәлімдеген болатын. Дегенмен, боксшы келесі жекпе-жегін өткізу үшін кем дегенде 4 ай қажет екенін айтқан. Леффлер болса кездесуді шілдеде өткізгісі келетінін айтты. 
 
Айта кетер жайт, Кесслер Головкиннің есімін келесі қарсыластардың тізіміне енгізген еді. Алайда, даниялық боксшы шаршы алаңға тек қазан немесе қараша айларында шығатынын білдірді. 
 
Сондай-ақ, тағы бір мәселе бұл қаражат. Кесслер өз отанында үлкен жұлдыз. Кесслердің әр жекпе-жегі Данияда 1,5 миллион көрермен жинайды. Бұл көрсеткіш Дания тұрғындарының 25 пайызын құрайды. 
 
Сондықтан Кесслер кездесуін АҚШ-та өткізетін болса оған 4 миллион доллар төленуі тиіс, деп хабарлайды даниялық БАҚ өкілдері.