«Спартактың» бұрынғы бапкері Алмас Құлшынбаевтың өз орнынан кеткен себебі анықталды.

«Клуб астан-кестен боп жатыр. Оған жұмыс жасауға мүмкіндік бермеді. Әрдайым кімді шығару, не істеу керектігін айтып отырды. Кім бұлай жұмыс жасай алады? Клубтың бюджеті 3 000 000 ғана, бұл Қазақстан премьер-лигасы үшін өте аз. Жалпы айтқанда, оған оңай болған жоқ», -деді өзін құпияда қалдырғысы келген дереккөз «PROСПОРТ Қазақстанның» тілшісіне.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Құлшынбаев клуб басшылығына орнынан босату туралы арыз жазған болатын. Өтініш сол күні-ақ орындалды.