WBO-ның орта салмақтағы әлем чемпионы Питер Куиллин қазақстандық Геннадий Головкинді қауіпті қарсылас деп санамайтынын айтты.

«Менің ойымша, Головкин өте жақсы боксшы. Ол не істеу керектігін біледі. Өте қарапайым жігіт, мен оны халық алдында өзін қалай ұстайтынын білем, бірақ ол жалмауыз емес. Мен ешқашан жалмауыздан да қорықпағанмын. Ол керуеттің астында тығылатын құбыжық екенін білесіздер ғой? Мен керуеттің астына қарап: «бұл жерден жоғал» дегендердің бірімін», - дейді Куиллин.