Швейцарияда грек-рим күресінен Әлем Кубогының жеребесі тартылды. Аталмыш дода 15-16 мамырда Тегеранда өтеді. 

Бұл туралы халықаралық күрес федерациясының ресми сайты хабарлады.

Қазақстан құрамасы Ресей, Венгрия, АҚШ және Түркия командаларымен А тобына түсті. Ал В тобында Оңтүстік Корея, Армения, Әзірбайжан, Иран мен Финляния құрамалары бақ сынайы.