Футболдан Мексика құрамасының бас бапкері Мигель Эррера әлем чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. 
 
Қақпашылар: Корона (Крус Асуль), Очоа (Аяччо), Талавера (Толука).
 
Қорғаушылар: Агилар, Лайун, Ф. Родригес (барлығы — Америка), Гуардадо (Байер), Р. Маркес (Леон), Морено (Эспаньол), Д. Рейес (Порту), Салсидес (Тигрес).
 
Жартылай қорғаушылар: Бризуэла (Толука), М. Фабиан (Крус Асуль), Эррера (Порту), Х. К. Медина (Америка), Монтес, Пенья, Х. Х. Васкес (барлығы — Леон).
 
Шабуылшылар: Джовани дос Сантос (Вильяреал), Х. Эрнандес (Манчестер Юнайтед), Хименес (Америка), Перальта (Сантос), Пулидо (Тигрес).
 
Естеріңізге сала кетсек, әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Мексика 13-ші маусымда Камерунға қарсы өткізеді.